Қазақстандықтар 2025 жылы 100 пайыз ауыз сумен қамтылады
Қазақстандықтар 2025 жылы 100 пайыз ауыз сумен қамтылады
Сурет: orange31
258
оқылды

2025 жылы Қазақстан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады. Президент тапсырмасына сәйкес, 2 мыңға жуық елді мекенде орталықтандырылған сумен қамту және тазарту жүйелері салынады, – деп хабарлайды "Отырар" басылымы. 

Бұл ауылдарда 1 миллионнан астам халық тұрады. Сонымен қатар, жайылымдардың өнімділігін арттырудың жаңа тәсілдері енгізіледі. Сумен қамтамасыз ету және оны үнемдеу мақсатында 120 магистралды каналдар қайта құрылады. Алты аймақта 9 су қоймасы салынады. Бұл жөнінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.