Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты хабарлады.
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы төрағасы – бас мүфтидің орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасына «Халал Даму» ЖШС сертификатын табыс етті.QazVac вакцинасының «Халал Даму» сертификатын алуына зертхана меңгерушілері б.ғ.д., профессор Ж.Қ. Қошеметов және PhD Қ.Д. Жүгінісов белсенді атсалысты.Бұдан бұрын QMDB Halal стандарты бойынша QazVac вакцинасын сертификаттау мақсатында ҚМДБ өкілдері наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуали және технолог, медициналық маман Айзат Сатаева институтта болып, OtarBioPharm биофарцевтикалық зауытта QazVac вакцинасын өндіру процесімен танысқан болатын.
Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі мен Қазақстанның бас санитар дәрігері «Вакцина халал ма?» деген сауалға нақты жауап бере алмаған еді.