Коронавирусқа қарсы салынып жатқан вакцина халал ма? – Бас санитар дәрігердің жауабы  
Коронавирусқа қарсы салынып жатқан вакцина халал ма? – Бас санитар дәрігердің жауабы  
228
оқылды

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, ислам елдерінде вакцинация жүзеге асып жатыр. Өлім-жітімді азайту үшін вакцинациялау өте маңызды. Сондықтан вакцинаның халал немесе халал еместігі жөнінде мәлімет берілмейді.

«Біз вакцинаны тек медициналық тұрғыдан қараймыз. Ол халал ма, халал емес пе оған жауап бере алмаймыз. Сондықтан халал немесе халал емес вакцина деген болмайды», – деді Ерлан Қиясов.

Ал Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният: «Вакцина адамның аденовирусы негізінде жасалғанын айта аламыз. Вакцина құрамы – адамның вирустары», – дейді.

Бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Антисептик оразаны бұза ма?» деген көпшіліктің сауалына жауап берген болатын.