Қазақстанда макарон өнімдері неге қымбаттады?

Қазақстанда макарон өнімдері неге қымбаттады?

Energyprom.kz-тің мәліметінше, биыл қаңтар-тамыз аралығында 100,8 мың тонна макарон өнімдері өндірілген. Бірақ бұл былтырмен салыстырғанда 13,3%-ке аз.

Макарон өндіруден Шымкент бірінші орында, 17,8 мың тонна өнім шығарған. Нұр-Сұлтан – 16,7 мың тонна, Батыс Қазақстан облысы – 15,1 мың тонна өнім өндірген.

Тамызда макарон өнімдері бір айда 1,3%-ке, бір жылда 11,1%-ке қымбаттады. Үш өңірде макарон күрт қымбаттаған. Атап айтқанда, Атырау облысында – 22%, Қызылорда – 18,4%, Қарағанды облысында 17,5%-ке өсті.

Қазақстанның астық одағының мәліметінше, макарон өнімдерінің қымбаттауына шикізат құны әсер етіп отыр.

Бұған дейін  астық бағасы туралы жазған болатынбыз.