Биыл астықтың тоннасы қанша теңгеден сатылып жатыр?
Биыл астықтың тоннасы қанша теңгеден сатылып жатыр?
Фото: shymkenttv.kz
174
оқылды

Министрдің айтуынша, азық-түлік корпорациясымен 769,4 мың тонна астық жеткізуге келісімшарт жасалған.

«Биыл Азық-түлік корпорациясының ресурстарына 769,4 мың тонна көлемінде астық жеткізуге келісімшарт жасалды. Өндірушілермен есеп айырысу үшін Азық-түлік корпорациясы бидай сатып алу бағасын 3-сыныпты бидайды – 103-107 мың теңге, 4-сыныпты бидайды – 98 мың теңге, 2-сыныпты арпа үшін 87 мың теңге мөлшерінде бағаны белгіледі. Корпорацияның сатып алу бағасы ішкі нарықтағы қазіргі бағаға сай келеді. Бұл баға фермерлердің шығынын өтейді», – деді министр Ербол Қарашөкеев.

Бұған дейін биыл жиналған астық туралы хабарлаған болатынбыз.