Дәрігерлер көпірден секіріп кеткен жүкті әйелдің денсаулығына қатысты пікір білдірді
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Жексенбі күні полицейлер көпірден секірген 25 жастағы келіншекті құтқарып қалды.
Дәрігерлер әйелдің жағдайы тұрақты екенін айтты. Сәбиі де аман-есен.
«Аяғы ауыр келіншек №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік бөлімінде жатыр. Оны дәрігерлер медициналық тексеруден өткізіп жатыр», – деді басқарма өкілі.
Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
https://www.youtube.com/watch?v=2GOSm8p5VJY