Полицейлер көпірден секірген жүкті әйелді құтқарып қалды
Полицейлер көпірден секірген жүкті әйелді құтқарып қалды
202
оқылды
Елордалық полицейлер өзенге секірген жүкті әйелді құтқарды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Әлеуметтік желілерде оқиғаның кадрлары пайда болды. Елордалық полицей Алмаз Құлтанов сағат 12.20 шамасында Қабанбай батыр көшесіндегі көпірден секірмек болған әйелді байқаған. https://www.youtube.com/watch?v=2GOSm8p5VJY
"Полицей бұл жайтты Жедел басқару орталығына хабарлап, өзі қызды құтқаруға барған. Алайда, ол жетемін дегенше қыз көпірден секіріп кетті. Құлтанов дереу оның артынан суық суға секіріп, қызды жағаға алып шықты. Жағада оны өзге полицейлер күтіп тұрған. Олар қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті», – делінген полиция таратқан хабарламада.
Қыз қазір ауруханаға жеткізілген. Анықталғандай, 25 жастағы қыз жүкті болған.