Астық алқабында жайылып жүрген жылқыларды атып тастады
Астық алқабында жайылып жүрген жылқыларды атып тастады
Фото: news.myseldon.com
486
оқылды

Оқиға 30 қыркүйек күні Қарағанды облысында болған.

Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин ауылының полиция бөліміне 62 жастағы шаруа қожалығының басшысынан арыз түсті. Ол біреудің төрт жылқыны атып тастағанына шағымданған. Шығын көлемі – 3 миллион 80 мың теңге. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, мән-жайды анықтады.

Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өзге шаруа қожалықтың 71 жастағы басшысы болып шықты. Фермер жылқылар астықта жайылып жүргенін, қорқыту үшін оқ атқанын түсіндірді.

Полиция күдіктінің тіркелген аңшы мылтығын алды. Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін жалақы үшін болған даудан соң, шаруашылық басшысын өлтіріп кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.