Оқиға 30 қыркүйек күні Қарағанды облысында болған.
Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин ауылының полиция бөліміне 62 жастағы шаруа қожалығының басшысынан арыз түсті. Ол біреудің төрт жылқыны атып тастағанына шағымданған. Шығын көлемі – 3 миллион 80 мың теңге. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, мән-жайды анықтады.Полиция күдіктінің тіркелген аңшы мылтығын алды. Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өзге шаруа қожалықтың 71 жастағы басшысы болып шықты. Фермер жылқылар астықта жайылып жүргенін, қорқыту үшін оқ атқанын түсіндірді.
Бұған дейін жалақы үшін болған даудан соң, шаруашылық басшысын өлтіріп кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.