Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, көлік аламын деп алданып қалған тұрғындар полицияға Nur AvtoKz басшысының үстінен арызданған.
Тергеу жүрізіліп жатыр.«Компанияның 28 жастағы директоры автокөліктерді сатамын деп азаматтармен келісімшарт жасасқаны, бірақ шарттарды орындамағаны анықталды. Күдікті сату-сатып алу келісімшартын жасап, азаматтардың көліктерін алған, бірақ ақшасын төлемеген. Кейін көлік үшінші біреуге сатылған», – деді департамент өкілі.
Бұған дейін Алматыда жалға алған пәтер мен көліктерді сатқан алаяқтар туралы жазған болатынбыз.