Маңғыстауда жасанды жаңбыр жауды

Маңғыстауда жасанды жаңбыр жауды

Биыл қуаңшылықтан Маң­ғыстау облысында шөп шық­пай, шаруаларға қиын болға­нын білеміз. Осыдан кейін жасан­ды жаңбыр жаудыру туралы бастама көтерілген.

Жаңа жоба тамыз айында қолға алынған. Осы мақсатта «Грант Қазақстан» корпоративтік қоры­ның Central Asian Center of Climate Change Technologies серіктестігі мен Маңғыстау облысының әкім­дігі арасында 3 жақты келісім жасалыпты. Жоба жетекшісі Алтай Айна­бектің айтуынша, облыс ау­ма­ғында қазір үш құрылғы ор­натылған. «Құрылғылар Шетпе, Жетібай, Құрық елді мекендеріне қойылды. Қалған екеуін орнататын жерді анықтаймыз. 28 қыркүйекте Құ­рық­тағы құрылғыны қосқаннан кейін бір күн өткенде Ақтауда жауын жауды. Бұл сынақ ретінде қолданылды. Аспанда бұлт болмады. Дегенмен ауа ылғалдығы жо­ғары болды», – дейді ол. Жасанды жаңбыр жаудыруға арналған құрылғы 29 қыркүйекте тағы іске қосылған. Оның нәтижесі алдағы аптада белгілі болмақ. Әзір­ге мамандар қанша мөлшерде жауын болатынын айта алмады.

Мадияр ТӨЛЕУ