Kaspi.kz тағы да қазақстандық электронды коммерцияда №1 болды
Kaspi.kz тағы да қазақстандық электронды коммерцияда  №1 болды
156
оқылды

Маркетплейстер ҚР-дағы шағын және орта бизнестің өсуіне жаңа мүмкіндік қалып­тастырып отыр

Kaspi.kz төртінші жыл қата­ры­нан Қазақстандағы ең ірі сауда интернет-алаңдарының TOP KZ Retail E-Commerce 2021 ренкингінде № 1 орын алды. «Бізбен бірге болғандарыңыз үшін әр сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге рақмет айтамыз! – дейді Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе. – Қазірдің өзінде 10 миллионнан астам қазақ­стандық көпшіліктің көңілінен шығатын үздік Kaspi.kz қосым­шасын пайдаланады. Командамыз ассортиментінде 1 миллионнан астам алуан түрлі тауар бар Kaspi.kz-тегі Магазинді белсенді түрде дамыту үстінде. Серік­тестеріміздің көпшілігі – шағын және орта бизнес компаниялары. Біз клиенттерге сатып алуға, ал серіктестерге сату көлемін ұлғайтып, бизнесті дамытуға және бізбен бірге Қазақстанның экономикасының дамуына сүбелі үлес қосуға жәрдем­десеміз». TOPKZ RetailE-Commerce ренкингін жыл сайын Forbes Kazakhstan іскерлік журналы мен BakerTillyKazakhstan халық­аралық консалтинг компаниясы бірге жасайды. Бұл – қазақ­стан­дық интернет компаниялардың онлайн сатылымнан түскен түсімнің көлемі бойынша тұрақ­ты рейтинг. PwC халықаралық компаниясы мен Цифрлы Қазақстан қауымдастығы жүргізген тағы бір зерттеу бойынша Қазақстандағы электронды коммерция нарығы қарқынды дамуда. 2021 жылдың 1 жартысында 116% өсіп, 426 миллиард теңгені құрады. Сатып алушылардың көп­шілі­гі бір алаңда көптеген ком­паниялардың өнімдері шоғыр­ланған маркетплейстерде зат сатып алғанды ұнатады. Зерттеу авторларының айтуынша, Kaspi.kz сияқты сауда алаңдары мен маркетплейстер сатып алушыларға ғана емес, қазақстандық компания­лардың өсуіне мүмкіндік береді. Мар­кетплейстерге қосылу арқылы ша­ғын және орта бизнес соңғы технологияға, жаңа онлайн-сату арналарына, ауқымды тұтыну­шылар базасына, жеткізу мен жарнамаға қол жеткізеді.

Серік ӘЛІМЖАНОВ, Алматы