Полиция департаментінің мәліметінше, Bank RBK Павлодар қаласы филиалының басшысы өзіне өзі қол салды.
Қайтыс болған әйел 49 жаста болған.Ал Bank RBK тергеу аяқталғанға дейін банк дәлелсіз ақпарат таратпауға шақырды.«Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзіне қол салуға жеткізу) бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – дейді полицейлер.
«Bank RBK» АҚ Павлодар қаласы филиалы басшысының мезгілсіз өмірден өткенін хабарлайды. Банк басшылығы мен ұжымы әріптесіміздің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Банк тарапынан әріптесіміздің отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Істің мән-жайын тергеуге қолдау көрсетеді. Тергеу аяқталғанға дейін банк дәлелсіз ақпарат таратпауға шақырады» делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін суицид жасаған мектеп директоры туралы жазған болатынбыз.