Мектеп директоры мектеп дәретханасында асылып өлді
Мектеп директоры мектеп дәретханасында асылып өлді
Фото: Интернеттен алынды
169
оқылды

Аудандық білім, ішкі істер бөлімдері толық тексеріліп жатыр.

Өзбекстанның Қашқадария облысына қарасты Китаб ауданындағы мектептердің бірінің директоры мектептің дәретханасында асылып өлді, –­ деп жазады zakon.kz. Дереккөздің хабарлауынша, 47 жастағы мектеп директоры өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

Қашқадария облыстық прокуратурасының мәліметінше, директор үш хат жазып қалдырған. Хаттың бірінде ол әріптестеріне жемқорлықпен күресуге кеңес берген.

Директорды сот-медициналық сараптама өткізбестен жерлеген. Осы оқиғаға байланысты тергеушілер аудандық білім және ішкі істер бөлімдерінің жұмысын тексеріп жатыр.