Павлодар облысында мектеп директоры ұсталды
Павлодар облысында мектеп директоры ұсталды
© egemen.kz
176
оқылды
Павлодар облысында ауыл тұрғынына жалған микрокредиттік ұйымның атынан хабарласып, берешегін қайтаруды талап еткен мектеп директоры ұсталды, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Алаяқтар сендіру қабілетіне ие. Май ауданындағы ауылдардың бірінде ауыл тұрғынына белгісіз адам микрокредиттік ұйымнан қоңырау шалып, 1 млн. теңге несие бойынша қарызын төлеу керектігін талап еткен. Ол алаяқтықтың құрбаны болғанын біліп, дереу полицияға хабар береді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы, алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудандық полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Май ауданындағы мектептердің бірінің директоры болып шықты.