Коронавирус вакцинасынан кейін ілеспе аурулардан қанша адам қайтыс болғаны белгілі болды
Коронавирус вакцинасынан кейін ілеспе аурулардан қанша адам қайтыс болғаны белгілі болды
© inform.kz
171
оқылды
Коронавирусқа қарсы вакцина алған адамдардың ішінде ілеспе аурулардың салдарынан көз жұмғандардың саны қанша? Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Коронавирус ілеспе патология болған басқа аурулардан болатын өлім-жітім бойынша айтсақ, осы жылдың 8 айында барлығы 2185 адам қайтыс болды. Қаңтарда – 273, ақпанда – 221, наурызда – 187, сәуірде – 154, мамырда - 189, маусымда - 405, шілдеде - 266, тамызда 490 жағдай тіркелді», - деп түсіндірді Азамат Дүйсенов.
Оның айтуынша, ақпан-тамыз айларында вакцинаның екі компонентін де алғаннан кейін коронавирустан қайтыс болғандар саны – 482 адам, немесе 5% болды.
«Өңірлер бөлінісінде вирустан қайтыс болғандардың үлес салмағы Түркістан облысында, Шымкентте, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында көбірек байқалады. Вакциналар бойынша жүктесек, ең үлкен үлес «Гам-КОВИД-Вак»-қа (Спу́тник V- ред.) тиесілі – 75,3%. Содан кейін – Hayat-Vax-те - 15,5%» - деді Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры.