Павлодарда мектеп автобусы жол апатына түсті
Павлодарда мектеп автобусы жол апатына түсті
177
оқылды
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 кәмелетке толмаған бала медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Павлодар облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, 6 қазан күні сағат 14.15-те Елгин - Щедрин көшелерінің қиылысында "КАМАЗ" маркалы өрт сөндіру автокөлігі мен "ПАЗ-32053-70" маркалы мектеп автобусы соқтығысқан. Салдарынан автобус Volkswagen маркалы тұраққа қойылған автокөлікке барып соғылған.
- Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 кәмелетке толмаған бала медициналық көмекке жүгінді, - делінген хабарламада.