Павлодарда жол апатына түскен оқушылардың жағдайы белгілі болды
Павлодарда жол апатына түскен оқушылардың жағдайы белгілі болды
223
оқылды
Павлодарда өрт сөндіру көлігі мен мектеп автобусы соқтығысқан. Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметі бойынша,  шақыру сағат 14:19-да түскен. Павлодар облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, 6 қазан күні сағат 14.15-те Елгин – Щедрин көшелерінің қиылысында «КАМАЗ» маркалы өрт сөндіру автокөлігі мен «ПАЗ-32053-70» маркалы мектеп автобусы соқтығысқан. Салдарынан автобус Volkswagen маркалы тұраққа қойылған автокөлікке барып соғылған. Облыстық  денсаулық сақтау басқармасында  автобуста 2006, 2011, 2007, 2011, 2007, 2009, 2011, 2008, 2011 туған балалар болғанын хабарлады.
«Автобуста отырған балаларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. 3 бала ауруханға жатқызылды, қалғаны үйінде», - деді басқармадан.