Ақтөбе облысында жетім балалардың қамқоршылары ақша жымқырған
Ақтөбе облысында жетім балалардың қамқоршылары ақша жымқырған
Фото: kz.oqu.news
Ақтөбе облысында жетім балалардың қамқоршылары 1,5 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері Хромтау аудандық білім беру бөлімінде аудиторлық тексеру жүргізу барысында кәмелетке толмаған жетім балалардың төлемдерін екі көзден алып отыру үшін, олардың қамқоршылары қос-қостан шот ашқанын анықтады" –, делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта анықталған бұзушылықтар сомасы 1 млн 637,7 мың теңге бюджетке өндірілді.
"Осы мемлекеттік мекеменің бухгалтері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аудит материалдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне тапсырылды», - делінген Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің мәліметінде.