Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысында Қазақстан аумағында 13 елдің вакцинация паспорты жарамды екені жазылған.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.Жаңа қаулыға сәйкес, Аргентина, Мажарстан, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения, Беларусь, Молдова, Сан-Марино, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия, Эстония азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылды.
Бұған дейін Қазақстанның вакцинация паспорты 7 елге жарамды екенін жазған болатынбыз.