Мемлекетке 10 миллиард теңгеден астам залал келтірген қылмыстық топ мүшелері ұсталды – видео
Мемлекетке 10 миллиард теңгеден астам залал келтірген қылмыстық топ мүшелері ұсталды – видео
Фото: arasha.kz
119
оқылды

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстанда мемлекетке 10 млрд теңге шығын келтірген бір топ адам ұсталды.

Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды заңсыз жазып берумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тексеруді аяқтады. Нәтижесінде, 6 адамнан тұратын топ 2014-2018 жылдары облыс аумағында заңсыз қызмет атқарған 30 қолма-қол ақша аударатын фирма құрғаны анықталды. Фирма іс жүзінде жұмыс істемеген. Басшылардың ешқайсысы қаржы-шаруашылық қызметпен айналыспаған. Фирмаларда бухгалтерлік есеп және салық есебі жүргізілмеген. https://youtu.be/d2x5fXSV9Yo

Іс жүзінде кәсіпорындар салық төлеуден жалтару мақсатында «Рич Ресурс», «Тұмар ВКО», «Вос-Торг 1» компанияларымен тауарсыз шот-фактураларын, жүк құжаттарын, шарттарын заңсыз жазып беру үшін пайдаланған.

Мемлекетке келген залалдың жалпы сомасы – 10,8 миллиард теңге. Сот үкімімен топ мүшелері Закир Исламов, Максим Александров, Олеся Гаськова, Ербол Уәлиев, Еркен Ануаров, Арман Маданов бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін Атырауда қылмыстық топ құрықталғанын жазған болатынбыз.