Astana LRT ісі бойынша cот үкімінің күші жойылды
Astana LRT ісі бойынша cот үкімінің күші жойылды
Фото: nur.kz
370
оқылды

Нұр-Сұлтан қалалық соты Astana LRT ісі бойынша үкімнің күшін жойып, заңбұзушылықтарды жою үшін істі прокурорға қайтарды.

«Сот алқасының қаулысымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 28 мамырдағы Рашид Аманжолов, Жанат Нұрпейісов, Талғат Әшім, Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов, Дәурен Әбдіхамитовке қатысты үкімінің күші жойылды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының басты сот талқылауына кедергі келтіретін елеулі бұзушылықтары мен нормаларын жою үшін қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының прокурорына қайтарылды», – деді судья Абай Көкжалов.

28 мамырда Astana LRT ісіне қатысты сот үкімі шыққан болатын.

Бұған дейін Astana LRT-ға бөлінген қаржыны жымқырды деген күдіктілер Интерпол тізімінде жоқ екенін жазған болатынбыз. «Астана LRT» қаражатын жымқырып, шетелге қашып кеткендер туралы депутат «Ешкім іздеп жатқан жоқ» деген еді.