«Ауруханаға түскен 25 жастағы ер адам алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Төбелескендер оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті ұсталды. Ол мерт болған азаматтың жақын досы болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындады. Сөзінше, ол қаруды жанжал барысында өзгеге бағыттаған. Бірақ досы оны тоқтатпақ болған сәтте қару досына атылып кеткен. Досын ауруханаға дейін жеткізген, бірақ артынша жауапкершіліктен қашып, кетіп қалған. Жанжалға қатысқандардың барлығы оқиға орнынан ізін суытқан. Ал 25 жастағы күдікті 12 калибрлі қаруды жүгері өсетін аймақтан тауып алғанын жеткізді. Оқиға болған соң ол қаруды өзенге ағызып жіберген», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Алматы облысында жігіт абайсызда досын өлтіріп алған

54
оқылды
оқылды