Миллиардтаған жалақы берешегі қордаланған
Миллиардтаған жалақы берешегі қордаланған

Қазақстанда айлықты уақытылы төлемейтін кәсіпорындар көбейгені байқалады. Осыған байланысты мемлекеттік еңбек инспекторларының жиі араласуына тура келеді. Олар жыл басы­нан бері 20,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғау­ға атсалысыпты.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республика бо­йын­ша жалпы саны 21,5 мың жұмыскерге еңбекақы бойынша қарыз болып қалған 772 кәсіп­орын­ды анықтады. Осынша жұ­мыскері алдындағы жалақы бо­йынша берешек 4 миллиард 880 млн теңгеден асқан. Инспекторлар аталған кәсіп­орындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама берді. 105,1 млн теңгеден астам сома айып­пұл салды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд 718 млн теңге төленді.

Ерік ЕРДЕН