Видеодан қол-аяғын байлап қойған жігіттің айқайлап, ашуланғанын көруге болады. Көпшілік «оның ішіне жын кіріп кеткен» деп топшылайды, – деп хабарлайды AstanaTV.
Сарбаз Саяттың әскер қатарына алынғанына 1 айдай уақыт болған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара әскерінің сапында борышын өтеп жүр. Бейнежазбада қасындағы жас сарбаздың Құран аяттарын оқығаннан кейін ерсі қылығын тыйып, талып қалатынын көруге болады.Алайда, имамның пайымдауынша, сарбаз қорыққанынан осындай амалды қолданған болуы да мүмкін.Бұл жайтқа қатысты «Шейх кунта қажы» мешітінің наиб-имамы Данияр Ибрахимұлы: «Кейбір сиқырланған, жын кірген адам осындай жағдайда болады. Ол жынның әрекеті басында бақырып-шақырып, жанындағы адамдарды қорқытуға тырысады. Осы видеодан соны аңғарып отырмыз. Сондай шайтанның әсері бары көрініп тұр», – дейді.
https://youtu.be/pe6x-umqojI Ал психологтың пайымынша, жас сарбазда психикалық ауытқу болуы да мүмкін. Әскерге шақырған кезде дәрігерлер оны медициналық тексеруден дұрыс өткізбеген деп топшылайды.«Шейх кунта қажы» мешітінің наиб-имамы Данияр Ибрахимұлы: «Психикалық стресс алып, «менде жын бар» деп өзінің мінезін көрсету үшін мұндай жағдайға да баруы мүмкін, – дейді.
Психолог Владислав Смирнов: «Дәрігерлер әскер қатарына алынатын жігіттерді іріктеу кезінде толыққанды тексеруі шарт. Егер сондай өзгеріс болса, сол жерде анықталады. Психиатр бақылауы керек еді. Бұл жұмыстың шалалығын білдіреді. Қазір Қазақстанда кадр жетіспейді. Соның ішінде, әскери адамдар. Сондықтан болар, денсаулығы жараса да, жарамаса да алып кетуге тырысады», – дейді.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті видеоға қатысты ресми хабар таратпады.