Танымал нумеролог алдағы 5 жылға болжам жасап, пандемияның қашан аяқталатынын айтты
Танымал нумеролог алдағы 5 жылға болжам жасап, пандемияның қашан аяқталатынын айтты
© youtube.com
285
оқылды
Танымал нумеролог Құралай Бақытқызы алдағы 5 жылда елімізде қандай өзгеріс болатынын айтты. Сонымен қатар пандемиядан қашан құтылатынымызды, оның нақты күнін де атады, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Оның айтуынша, соңғы екі жыл консервативті жыл болған. Ілгерілеу жылдары алдымызда келеді. Жақсы өзгеріс көп болады.
"2022 жыл жақсы жыл болады. Түркістанның салынуы елімізге туризмнің энергиясының кіруіне мұрындық болды. Туризм, логистика, импорт, экспорт дамиды. Қазақстан үшін өте жақсы жылдар — өсім және танымалдылық әкелетін жылдар Қазақстан тәуелсіздігінің 35-36 жылдарына тұспа-тұс келеді. Демек, 4-5 жылдан кейін халықтың жағдайы жақсарып, байи түседі. Жағдай тұрақталып, экономикалық өсім болады", — дейді Құралай Бақытқызы.
Оның айтуынша, жарақат қаупі бар жылдар да болады екен. Бұл уақытта қауіп-қатер, көлік қақтығысы, адам денсаулығының сыр беруі көп кездеседі.
"29-30 жаста бізге әлі қатер сандары түсіп тұр. Менің талдауым бойынша, бұл келесі жылдың 29 маусымына дейін созылады. Мұны өзім "індет-ау" деп топшылап отырмын", —дейді нумеролог.
Айтуынша, осы айда әскерилердің айы оңынан тумақ. Шекара және қорғаныс саласында жақсы жаңалықтар көбейеді.
"Жалақылары өсіп, ауыс-түйіс, құрылымдық өзгерістер болуы мүмкін. Бұл – қорғаныс айы. Еліміз қорғанысқа қатты мән беруі тиіс. Арандатушылықтан сақтану ләзім. Мәселен, Қырғызстандағы төңкерістер үнемі осы айда болады. Өйткені, бұл елдің тәуелсіздік күні мен конституция күні дұрыс датаға түспей тұр. Ұдайы тұрақсыздықтың сыры осында. Біздің Үкімет қазан айындағы бір мерекені алып тастады. Онсыз бұл айда көтеріліс көп болушы еді. Қазанда мейрам болмағаны жөн", - дейді Құралай Бақытқызы.