Геннадий Головкин алдағы айқасқа жаттығуды бастап кетті
Геннадий Головкин алдағы айқасқа жаттығуды бастап кетті
156
оқылды
IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жаттығуын бастады, - деп хабарлайды  Vesti.kz сайты. Головкин Instagram парақшасында жаттығуға қайта оралғанын айтып, суретін жариялады. GGG суретінен ағасы Максим Головкинді, қазақстандық боксшы Әли Ахмедовті және жаттықтырушысы Кристофер Камачоны байқауға болады.
"Жаттығуға оралған керемет. Барлығын аман сау көргеніме қуаныштымын", - деп жазды Головкин.