Әлемнің экс-рекордсмені Қазақстан азаматтығын алды
Әлемнің экс-рекордсмені Қазақстан азаматтығын алды
147
оқылды
Экс-рекордсмен Каролин Чепкоеч Кипкируи жеңіл атлетикалық жарыстарға Қазақстанның атынан шығу үшін Кения азаматтығынан бас тартты, — деп хабарлайды Sports.kz. Оның азаматтығын өзгертуі туралы хабар Бостон марафонына қатысатын спортшылардың ресми есімдерін жариялағаннан кейін пайда бола бастады. Енді экс-рекордсмен Чепкоич қазақстандық жеңіл атлет болып тіркелді. Азаматтықты өзгерту туралы шешім қабылданғанға дейін 27 жастағы кениялық 2017 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп, кішігірім жарыстарға қатысқан.