Сәуірде жүргізілген зерттеуге сәйкес, 45 мың теңгеден аз алатын қызметкерлер саны бір жылда 1,8%-дан 1,2%-ға қысқарды. Барлық жалдамалы қызметкердің төрттен бір бөлігінен көбісі 45 мың мен 105 мың теңге аралығында жалақы алады. Ең көп 36,9%-ының жалақысы – 105 мың мен 210 мың теңге аралығында, — деп хабарлайды Finprom.kz сайты.
Тағы төрттен бір бөлікке жуық қызметкер 210 мың мен 390 мың теңге аралығында алса, жалдамалы қызметкерлердің 10,7%-ы 390 мың теңгеден жоғары алады. Ең көп орташа жалақы келесі жастағы азаматтарда:- 35-44 жас аралығындағылар – 247,8 мың теңге;
- зейнетақы жасындағыларда – 237,7 мың теңге.
- қаржы және сақтандыру саласы – 394,3 мың теңге;
- ғылым, кәсіптік және техникалық сала – 344,6 мың теңге;
- құрылыс – 321,1 мың теңге.
- ауыл, орман және балық шаруашылығы салалары – 135,1 мың теңге;
- жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар – 141,8 мың теңге;
- өнер, демалыспен байланысты салалар – 143,5 мың теңге.
- біліктілігі жоқ мамандар – 87,1 мың теңге;
- сату және қызмет көрсету саласындағылар – 115,4 мың теңге;
- фермерлер, ауыл, орман, балық шаруашылығындағылар – 116,2 мың теңге.