Алматы қаласында Skoda жүргізушісі 12 жасар қызды қағып өлтірді. Ол жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 8 қазан сағат 18.30-да Skoda Rapid жүргізушісі Нұрлытау ықшамауданынан Сапаржол көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, 5 "А" үйіне қарама-қарсы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, ол деректер бойынша рұқсат етілмеген жерді кесіп өткен."Осы ЖКО салдарынан 2009 жылы туған жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.