ҰҚК Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты тың деректі жариялады
ҰҚК Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты тың деректі жариялады
© exk.kz
180
оқылды
Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужнов Қазақстан аумағынан 14 рет шыққан. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Tengrinews.kz ақпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, Дужнов шетелге 2003-2012 жылдары шыққан. Осы уақыт ішінде ол 6 елге барған.
"Атап айтқанда, азамат Игорь Дужнов Таиландқа (2003, 2004, 2007 және 2008 жылдары), Ресейге ( 2004, 2006, 2007 және 2009 жылдары), Қытайға (2006, 2007 және 2012 жылдары), сондай-ақ Түркияға  (2005 жылы) және Нидерландқа (2005 жылы) барған", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Бұдан басқа ол 2008 жылы қыркүйекте Украинаға барып келген. Алайда қандай мақсатпен барғаны көрсетілмеген. Бұған дейін сот Игорь Дужновтың үйіне қатысты шешім шығарғанын жазған болатынбыз.