Нұр-Сұлтан полициясы күндізгі уақытта 44 жастағы әйел мен 13 жастағы қызға тап берген тонаушыны ұстады, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ер адам Қошқарбаев көшесінде жұрттың көзінше қала тұрғындарына қарақшылық шабуыл жасаған. Бірінші жағдайда ол әйелдің сөмкесін тартып алмақ болған, бірақ оған сол маңнан өтіп бара жатқан адам тойтарыс берген. Тонаушы қашып кеткен. Куәгерлер бірден 102-ге қоңырау соқты, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі."Жедел іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні қылмыс орнына жақын жерде ұстады", – деп хабарлады полиция департаменті.Заттай айғақтар алынып, иесіне қайтарылды. Бұл факті негізінде Қылмыстық кодекстің 191-бабы "Тонау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған 2000 АЕК-ке дейін (5,8 миллион теңге) ірі көлемде айыппұл салынады немесе төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу, айыру жазасына кесілуі мүмкін.