Мыңға жуық адам зираттан алдын ала орын сатып алған
Мыңға жуық адам зираттан алдын ала орын сатып алған
Сурет: neonomad.kz
182
оқылды

Бір мыңға жуық адам Бішкекте жерлейтін жер жоқтығына байланысты жабылған оңтүстік-батыс зиратынан орын сатып алған.

Жер сатып алғандар рұқсат қағаз талап етіп отыр. Бұл туралы Бішкек қаласы кеңесінің 7 қазандағы жиналысында депутат Казыбек Эргешов мәлімдеді.
"Оңтүстік-батыс зираты жабылмас бұрын мыңға жуық адам орын сатып алған. Енді олардың жүзге жуығы жерге ордер беруін талап етіп отыр. Құжаттар болған, бірақ олар сақталған қойма өртеніп кеткен. Сатылған жерлер бос, бірақ адамдар ол орындарды тағы сатып жатыр деп шағымданды", - дейді Эргешов.
Депутат тиісті құрылымдарға мәселені шешуді тапсырғанын айтты. Бішкек әкімдігі 2021 жылғы 1 қаңтарда оңтүстік-батыс зираты жабылғанын хабарлаған.