EXPO-2020 Dubai дүниежүзілік көрмесіндегі қазақстандық павильонда бірнеше келісімге қол қойылды
EXPO-2020 Dubai дүниежүзілік көрмесіндегі қазақстандық павильонда бірнеше келісімге қол қойылды
214
оқылды
EXPO-2020 Dubai дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонының жұмыс аптасының басталуы «ҚазСтандарт» РМК басшылығының стандарттау және метрология саласындағы халықаралық әріптестерімен іскерлік кездесулерімен ашылды. Қазақстандық павильон алаңында ҚазСтандарт басшылығының Әмірліктердің халықаралық аккредиттеу орталығы (EIAC) және Моңғол стандарттау және метрология агенттігі (MASM) өкілдерімен кездесулер өтті. EXPO-2020 Dubai Іскерлік кездесулер барысында тараптар Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдері сапасының инфрақұрылымын, халал-индустрияны дамытуды талқылады, ал кездесулердің басты қорытындылары халал өнімдерінің сәйкестігін бағалау жөніндегі қазақстандық органды аккредиттеу туралы келісімге, сондай-ақ ет және ет өнімдерінің экспорты саласындағы ұлттық стандарттарды тарату туралы келісімге қол қою болды. Сонымен қатар 5 қазанда ҚазСтандарт Президент – Сауд әл-Хусаиби мырза бастаған Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің Ынтымақтастық кеңесінің стандарттау жөніндегі ұйымының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы және Парсы шығанағы елдеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдері сапасының инфрақұрылымын талқылады, бірақ басты тақырып ҚазСтандарт пен GSO ынтымақтастығының ықтимал нұсқалары болды. ҚР павильоны Қазақстанның БАӘ-дегі туристік орталығы ғана емес, сонымен қатар еліміздің ірі халықаралық кәсіпорындармен жемісті ынтымақтастыққа бағытталған құжаттарға қол қоюға арналған іскерлік платформа есебінде жұмыс істеп тұр.