«Ньюкасл» командасының жаңа иесі қысқы трансферде қомақты қаржы жұмсауына мүмкіндік бар. The Telegraph басылымының мәліметінше, клубты сатып алған Сауд Арабиясы үкіметінің мемлекеттік инвестиция фонды қыста трансферге 223 миллион еуроға дейін жұмсай алады.
Бұдан артық ақша жұмсауға қаржылық фэйр-плей ережесі рұқсат етпейді.