Татарстан президенті ұшақ апатынан зардап шеккендер емделіп жатқан ауруханаға барды

Татарстан президенті ұшақ апатынан зардап шеккендер емделіп жатқан ауруханаға барды

Ұшақ көкке көтерілген сәтте сол жақтағы қозғалтқышы істен шыққан. Сондықтан экипаж аэродромға қайта оралмақ болған.

Татарстан президенті Рустам Минниханов апаттан жарақат алғандар жатқан ауруханаға барып, олардың хал-жағдайын білді. Апатқа ұшыраған ұшақта 20 парашютпен секіруші және 2 экипаж мүшесі болған. Осы 22 адамның 16-сы көз жұмды. Алтауы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Бірінің халі мүшкіл.

Татарстан президенті Рустам Минниханов: «Арнайы штаб құрылады. Біз марқұмдарды жерлеу рәсіміне қатысты шығынды өз мойнымызға аламыз. Қаза тапқандар арасында көрші республика азаматтары бар. Олардың денесін жеткізу бойынша қажетті материалдық көмек көрсетіледі», – деді.

Бұған дейін апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы жарияланған болатын.