Полицейлер 25 метр биіктіктен арқанмен секірген әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаменті хабарлады.
«Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 1-бөлігі («Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету, сол сияқты көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты заңсыз беру немесе пайдалану, егер бұл әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқса») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жағдай анықталуда» делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін қонақүйдің шатырында орнатылған аттракционнан арқанмен секірген әйел көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.