Аттракционда арқанмен секірген әйел ауруханада қайтыс болды  
Аттракционда арқанмен секірген әйел ауруханада қайтыс болды  
Фото: yandex.kz
212
оқылды

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқасқа шұғыл операция жасалған.

Оқиға «Созвездие» қонақүйі маңында болған. Аттракцион шатырда орналасқан.
Видеода 33 жастағы әйелдің 25 метр биіктіктен секіріп, жердегі бетон қабырғаға соғылғаны көрсетілген.
Оның шұғыл ауруханаға жеткізген.

«Гематомаларды жою үшін әйелдің бас сүйегіне ота жасалды. Емге қарамастан, науқас әйел қайтыс болды» делінген басқарма хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.