«Маман жоқ, зертхана мен көліктің тозығы жеткен» – депутат Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің проблемасын айтты  
«Маман жоқ, зертхана мен көліктің тозығы жеткен» – депутат Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің проблемасын айтты  
Фото: news.myseldon.com

Жәмила Нұрманбетованың айтуынша, пандемия кезінде СЭС рөлінің маңызды екеніне көз жетті.

Депутат бүгінгі таңда СЭС ескерту қадағалауды жоғалтқанына тоқталды. «СЭС-тің бүкіл қызметі тек ағымдағы қадағалауға бағытталған. Оның тиімсіздігі өзінің тартымдылығын да, тәуелсіздігін де жоғалтуға әкелді. Сонымен қатар, осы саланы қалдық қаржыландыру және бірнеше рет реформалау оның ақырын «жойылуына» алып келді. Аса қауіпті инфекциялардың жыл сайынғы өршуі СЭС қызметіне жедел ден қоюды, инфекциялық ауруларды дер кезінде анықтауды және жоюды талап етеді.

Бұдан басқа, СЭС-тің айтарлықтай бақылау өкілеттіктері болған кезде санэпид қадағалауды жүргізудің ашық болмауынан  соңғы 3 жылда 59 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелген.

Келесі проблема – материалдық-техникалық базаның нашарлығы.

Мысалы, «Ұлттық сараптама орталығының» жарақтандырылуы – 71,6 %, ал зертханалық жабдықтың 65%-і ескі. СЭС ғимараттарының 80%-ының және автокөліктің 64 %-ының тозығы жеткен, – деді.

Сондықтан қысқа мерзімде «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» бірыңғай ақпараттық жүйесін ендіру қажет.

Депутаттың пікірінше, соңғы 5-7 жылда қызметтен жоғары білікті мамандардың кетуі де өткір проблема болып отыр. Бұл тұтастай алғанда, қызметтің кадр құрамының біліктілігіне кері әсерін тигізді.