Елордада бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама таратқан
Елордада бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама таратқан
133
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы орта мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген хаттар келгені туралы қоңырау түсті, — деп хабарлайды елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.   Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті тексеру жүргізді, ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш заттың қойылғаны туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Ведомство азаматтардан үрей туғызбауды және мессенджерлерге жалған хабарламалар жібермеуді сұрайды.