Үкімет басшысы Chevron басшылығымен кездесті
Үкімет басшысы Chevron басшылығымен кездесті
181
оқылды

Үкімет басшысы Асқар Мамин Chevron компаниясының өндіру мәселелері жөніндегі вице-президенті Джеймс Джонсонмен келіссөз жүргізді.

Тараптар «Теңізшевройл» (ТШО) болашақ кеңейту жобасын іске асыру, Қарашығанақ жобасын кеңейту және Каспий құбыр консорциумының қуатын арттыру перспективасы мәселелерін талқылады. Кездесуде заманауи экологиялық таза технологияларды қолдану, әлеуметтік жобаларды іске асыру, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Chevron 3 ірі жобада – Теңіз (50%), Қарашығанақ (18%) және Каспий құбыр консорциумы (15%) жобаларында активтері бар Қазақстандағы аса ірі шетелдік инвестор. 2020 жылы ТШО-да шикі мұнай өндіру көлемі 26,5 млн тоннаны құрады. Мемлекетке $6,6 млрд көлемінде тікелей қаржылық төлемдер жүзеге асырылды, $3,5 млрд астам сомаға қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтері сатып алынды. Биыл ТШО-да 26,3 млн тонна көлемінде мұнай өндіру жоспарлануда. 2021 жылдың 8 айында мемлекетке $4,9 млрд төленді. ТШО газы Атырау облысында полипропилен (қуаты жылына 500 мың тонна) және полиэтилен (жылына 1,25 млн тонна) өндіретін екі ірі газ-химия жобасы үшін шикізат болып отыр. Chevron Келіссөз қорытындысы бойынша ҚР Энергетика министрлігі мен Chevron компаниясы арасында Қазақстанда $248,5 млн көлемінде Тікелей инвестициялар қорын құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Кездесуге энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.