Елордалық бармен табысы көп қыз-келіншектерді қалай уысына түсіргенін айтып берді
Елордалық бармен табысы көп қыз-келіншектерді қалай уысына түсіргенін айтып берді
412
оқылды
Павлодарда жазасын өтеп жатқан ер адам Нұр-Сұлтанда табысы көп қыз-келіншектерді  қалай алдап пайдаланғанын айтып берді. Алайда ол түрмеге басқа себеппен түскен, деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Өткен шақта ер адам елордадағы танымал мекемелердің бірінде бармен болып жұмыс істеген. Қалтасы қалыңдарды ол чекке қарап біліп отырған.
«Әйел чек сұраған кезде оның жағдайы қвндай екенін білуге болады. Қандай асқа тапсырыс бергенін, не ішкенін және өзін қалай ұстағанына да назар аударасың. Бәрі оңай болды. Даяшыға  көзім түскен қызға телефон нөмерім жазылған қағазды апарып беруді тапсырып отырдым. «Маған WhatsApp-қа хабарласшы" деп жазып жіберетінмін», - дейді қыздардың "басын айналдыруға" әдеттенген жігіт.
Айтуынша, қыздардың  80%-ы оған  10-15 минуттан кейін жауап беріп отырған. Одан кейін қызға қырындап, гүл сыйлап, ғашық екенін айтып, содан кейін бірнеше күнге жоғалып кетіп отырған. Әйелдер оны өздері іздейтін болған. Сол кезде ер адам өзіне көмек керек екенін айтып, түрлі оқиғалар ойлап тапқан.
«Жай ғана Астанада баспанаң жоқ екенін, үйден шығарып жатқанын айтасың. Көп жағдайда қыздар пәтер жалдап береді немесе өзімен бірге тұруға шақырады», - дейді ол.
Қыздарды құрығына түсіріп үйренген ол қанша қыз-келіншектің "басын айналдырғанын" санап та көрмегенін айтады. Тек үш жағдайды ғана есіне сақтап қалыпты. Әйелдердің ақшасына өмір сүріп, қомақты қаражатқа сыйлық та алған.  Бір қызығы, алданып қалған қыз-келіншектің ешқайсысы полицияға арыз жазбаған. Ер адам түрмеге есірткіге еліткені үшін түсіпті. Психологтардың айтуынша, әйелдердің бұндай еркектерге ойланбай сенуі махаббаттың жеткіліксіздігінен болып тұр. Арамза еркектерді тану қиын, дегенмен оның арам ойын дер кезінде білуге де болады. https://www.youtube.com/watch?v=5mydU2ZnGuA&t=146s