Қазақстандық ауыр атлет Руфина Чалкарова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жасөспірім қыздар арасында 81 келіден жоғары салмақта сынға түскен отандасымыз Руфина Чалкарова жарыстан топ жарды. Ол қоссайыс нәтижесі бойынша 247 (107+140) келіні бағындырды.
Бразилиялық Жустине Де Лима Таяне екінші орыннан көрінсе, түркиялық Жевик Фатмагүл үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетерлігі, кеше жасөспірім ұлдар арасында бақ сынаған қазақстандық Рахат Бекболат қоссайыс нәтижесінде 355 келіні еңсеріп, әлем чемпионы атанған болатын.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан сапынан барлығы екі спортшы қатысты. Нәтижесінде екі спортшы да алтын медальға ие болды.