Бүгін әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегінің қамауға түскені туралы ақпарат тараған. Мәселенің мән-жайы кешкісін белгілі болған секілді. Бұл туралы Nur Otan фракциясының мүшесі, депутат Ерлан Саиров фейсбук парақшасында жазды. Оқиғаның анық-қанығын білмек болып, депутатқа қоңырау шалдық.
Оның айтуынша, тіл мәселесіне байланысты кішігірім жанжал Халыққа қызмет көрсету орталығында болған екен. Сол жанжалды біреулер видеоға түсіріп, полицияға шағымданыпты.- Барлық мәселе шешілді. Қазір ол кісі үйінде. Ешқандай проблема жоқ. Тек қоғамдық орында тәртіп бұзғаны үшін азғантай айыппұл төлейтіні бар, - дейді ол.