Аршалы кентінің тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді
Аршалы кентінің тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді
Фото: pexels.com
157
оқылды
Ақмола облысы Аршалы кентінің тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қазанда сағат 13:52 шамасында Аршалы аудандық полиция бөлімі кезекшілік бөлімшесіне Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғынынан көршісінің үй ауласында ес-түссіз жатқаны туралы телефон хабары түсті.
«Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеп жібергені анықталды. Өлім туралы жазба табылған жоқ. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінің бірінде емделіп жатқан әкесімен бірге тұрған. Осы оқиғаға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», – деді ведомство.