Димаш Қытайда реалити-шоуға қатысады
Димаш Қытайда реалити-шоуға қатысады
166
оқылды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда реа­лити-шоуға қатысады. Бұл ту­ралы ол Іnstagram-дағы парақ­шасында жазды.

«Бейжіңнен Уси қаласына ұшып келдік. Жақын арада бір қызықты бағдарламаға қатысқалы жатырмын. Бұл жобада Қытайда танымал әртістер 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлініп, өзара топтардың ойындарын жүргізеді», – дейді әнші. Оның айтуынша, бұл – вокал­дық сайыс емес. «Бұл жобада: танымал әншілер, актерлер, рэперлер, бишілерден топ жасақталып, сол топты жоба соңына дейін жеткізу қажет. Миссиясы ойын түріндегі бұл жоба сіздер үшін де қызық болады деп ойлаймын», – деп жазды Димаш Құдайберген желіде. Еске салайық, қазақстандық әнші шығармашылық жұмыстарын жалғастыру үшін қыркүйек айы­ның соңында Қытайға оралғанын жазған болатын.

А.ЖАСАНҰЛЫ