Оралда 17 жастағы қыз өгей әкесі зорлағанын аудиожазба арқылы дәлелдеуге мәжбүр болған
Оралда 17 жастағы қыз өгей әкесі зорлағанын аудиожазба арқылы дәлелдеуге мәжбүр болған
Фото: kursiv.kz
200
оқылды

Бойжеткен бірнеше жылдан бері қорлық көргенін ешкімге дәлелдей алмаған. Сондықтан сөзін растау үшін өгей әкесімен болған жыныстық қатынасты үнтаспаға жазып жариялаған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Полицияға қыздың анасы шағым түсірген. Бірақ тергеу жүріп жатқандықтан істі құпия ұстаған тәртіп сақшылары болған жағдайды баяндаудан бас тартты. Кәмелетке толмаған қызға сексуалдық зорлық жасалуы мүмкін деген күдікпен  қылмыстық іс қозғалғанын айтты. 17 жастағы жәбірленуші өзінің өгей әкесі соңғы бірнеше жыл бойы зорлап келгенін жайып салған. Айтуынша, болған жағдай жазылған үнтаспа дайын болғанша оған ешкім сенбепті.

Орал қаласы ПБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Қожахметов: «Тергеу жүріп жатыр. Міндетті түрде кәмелетке толмаған қызға да, шағым түсірген адамға да сот-психиатриялық сараптама тағайындалады. Тергеу ісі және сараптама қорытындысы әзір болған соң, қылмыстық іс бойынша шешім қабылданады», – деді.