«340 мұғалім алған» – Шымкентте сертификат сатқандарға қатысты сот шешімі шықты
«340 мұғалім алған» – Шымкентте сертификат сатқандарға қатысты сот шешімі шықты
Фото: kaz.nur.kz
382
оқылды

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру туралы жалған куәлік сатқандарды жауапқа тартты, – деп жазады 24.kz.

Алаяқтық үшін білім басқармасының маманы мен №96 мектептің бұрынғы директоры сотталды. Сөз байласып, олар бірнеше рет мұғалімдердің тестен өткенін көрсететін сертификат пен куәліктерді қолдан жасап, саудаға салған. Алаяқтықпен 2018 жылдан бастап айналысып келген. Жалған анықтаманы 340 педагог алған. Оларға біліктілігін арттырғаны үшін үстемақы төленген. Мұғалімдердің басым бөлігі сотқа дейін бюджеттен заңсыз алып келген  қаржыны қайтарып үлгерген. Жалпы сома – 210 миллион теңге. Ал сотта мектеп директорының өз қызметкерлерін пара беруге итермелегені анықталып, ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал экс-шенеунік 4 жыл мерзімге сотталды.

Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов: «Сотта белгілі болғандай, сотталушылар  білім беру ұйымдарының мұғалімдерін 2018 жылдың мамыр айынан қараша айына дейінгі аралықта алдап, сенімге кіру арқылы  аттестаттар мен тестілеуден өткендігі туралы куәліктерді бірнеше рет жасап, саудаға салған. Осы арқылы жәбірленушілерден ақы алып келген», – деді.