Синоптиктер алдағы 3 күндегі ауа райын айтты
Синоптиктер алдағы 3 күндегі ауа райын айтты
Фото: zhalagash-zharshysy.kz
202
оқылды
Синоптиктер 14-16 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, осы аралықта антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек 16 қазанда солтүстік-батыс циклонынан күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады.
"Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі, шаңды дауыл сақталады. Ауа температурасы күндіз батыста, солтүстік-батыста 15....23 градус жылы, солтүстікте, шығыста және орталықта 7...15 градус жылы, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 12....21 градус жылы", - делінген хабарламада.