Шаруа малды сақтандырса, қаржының жартысын мемлекет қайтарып береді
Шаруа малды сақтандырса, қаржының жартысын мемлекет қайтарып береді
Фото: pixabay.com
166
оқылды

Мұны «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры бірлесіп іске асырады.

Жаңа жүйе бойынша ірі қара, жылқы, ұсақ мал мен үй құстарын түрлі аурулардан, табиғи апат пен өрттен сақтандыруға болады.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры АОФ директорының орынбасары Руслан Иманиязов: «Кемінде 30 бас мөлшеріндегі жануарлар және құстар сақтандыруға жатады. Жалпы алғанда, сақтандырудың салыстырмалы түрде төмен құнын атап өтуге болады. Қамтылған аумағына байланысты 1,5-тен 5 пайызға дейін. Неғұрлым мал көп, соғұрлым пайыз азаяды. Осы мақсатттарға 2020-2021 жылдары шамамен 3,4 млрд теңге бөлінді», – дейді.

Елімізде 8200 бас ірі қара, 90-ға жуық ұсақ мал және миллионнан аса құс сақтандырылған. Оған кеткен қаржының тең жартысы, яғни 53 млн теңгеден астамы мемлекет есебінен субсидияланып, шаруаларға қайтарылды.